RU
Ұлттық нақышта әшекей тағып, қамзол киген қазақ қыздарына ел риза болды
Жаңалықтар Қоғам

Ұлттық нақышта әшекей тағып, қамзол киген қазақ қыздарына ел риза болды

Рассказать Вконтакте

Шырын Нарчеваның жалаңаш денесіне ұлттық бұйымды таққан видеосынан соң, әлеуметтік желіде апалы-сіңлілі қос қыздың қазақы бұйымдар мен қамзол киген видеосы тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Тараздың 18 жастағы сұлуы өзінің Instagram парақшасында сіңлісі екеуінің суреттерін жиі жариялап тұрады.

Алайда елдің ерекше назарын аударғаны қос қыздың ұлттық киімдегі видеосы.

Желі қолданушылары бойжеткендерге риза болып, сүйспеншіліктерін танытқан.

"Қазақтың қыздары дәл сендердей болсын", "Қандай сұлусыңдар", "Өте әдемі", "Сәукеле көрсек, "жалаңаштанады ма" деп шошитын болдық", "Бұл видеоларың жерлестерің Шырынға жақсы жауап болды".
"Қазақтың ұлттық киімі керемет жарасады екен", "Әдемісіңдер", "Тіл-көзім тасқа. Сендерге еліктейтін қыздар көп болсын" деп желідегілер жарыса пікір білдірген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
1
89
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel