Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"450 миллион": Алматының топ-5 ең қымбат пәтерлері қандай?

Опубликовано:

Алып шаһарларда жылжымайтын мүлік нарығы тұтынушыға сан алуан таңдау ұсынады. Редакциямыз Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нарығына талдау жасады. krisha.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға Алматы қаласының ең қымбат екі бөлмелі пәтер бестігін ұсынады.

politeka.net
Көрнекі фото: politeka.net: Facebook

Алматы қаласында ең қымбат екі бөлмелі пәтерлер Бостандық және Медеу аудандарында сатылып жатыр.

Бірінші орынға ие болған пәтер құны 450 миллион теңгені құрайды. Ол Бостандық ауданында, әл-Фараби көшесіндегі Esentai Apartments тұрғын үй кешенінде орналасқан.

krisha.kz
Фото:krisha.kz: Facebook

krisha.kz
Фото:krisha.kz: Facebook

krisha.kz
Фото:krisha.kz: Facebook

Екінші орынға, Медеу ауданындағы, Самал-2 ықшам ауданындағы пәтер орныққан. Оның құны 135 600 миллион теңге. Ол 2004 жылы тұғызылған Фантазия кешенінің 12-ші қабатында орналасқан.

Үшінші орында Бостандық ауданында орналасқан. Құны 133 миллион теңге.

Төртінші орынды еншілеген пәтер 124 миллион теңгеге бағаланған. Ол Медеу ауданының Қажымұқан көшесіндегі Рапсодия тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Бесінші орындағы пәтер де Медеу ауданындағы Горный Гигант ықшам ауданында орналасқан. Оның құны 124 миллион теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773203-450-million-almatyny-top-5-e-kymbat-pterleri-kandaj/

pixel