RU
Сапарбаев сал ауруына шалдыққан баланың шетелден ем алуына көмектескен
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев сал ауруына шалдыққан баланың шетелден ем алуына көмектескен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік 9 жасар Самғат Ғарифолланың анасы Ақжамал апайдың қуанышында шек жоқ. Арбаға таңылған ұлы ақпан айында Корея ауруханасына барып, тексеруден өтетін болды. Мүгедек баланың шетелге жолдама алуына облыс әкімінің ықпалы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сапарбаев сал ауруына шалдыққан баланың шетелден ем алуына көмектескен

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

"Қуанышымызда шек жоқ. "Балам жүріп кетеді" деген үмітті үзген емеспін. Әкімшіліктердің есігін тоздырып, көмек сұрап жүрмін. Сапарбаев мырза аулымызға келген кезде баламды ертіп барып, қолына арызымды ұстатқан болатынмын.

Қазір "Қазхром" компаниясы Корея еліне тексерістен өтуіміз үшін барлық шығынды көтеріп отыр.

Аудан әкімі мұндай мүмкіндікке ие болуға облыс басшысының ықпалы болғанын жеткізді. Әкім мырзаның бұл жақсылығына алғысым шексіз", - дейді Ақжамал Есмаханова.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының Сарат ауылында тұрады.

Бүлдіршін бес жыл бұрын ресейік дәрігерлер жасаған отадан кейін сал ауруына шалдыққан.

Жүрек ауруына шалдыққан балаға 3 жасында ота жасалыпты. Шауып жүрген бала сол отадан кейін жүрмек түгілі өздігінен басын көтере алмай қалған.

"Енді 8 мың доллар болса, тексерістен соң Корея ауруханасынан екі апталық ем алуға мүмкіндік болар еді", - дейді анасы.

Анасының айтуынша, бөлінген қаражат тек тексерістен өтуге жетеді. Анасы қосымша ем үшін қаржылық қолдау білдіруді сұрайды.

Ем ақпан айында жасалынады деп жоспаранып отыр.

Ақжамал Есмаханованың телефон нөмірі: 8778 330 13 16

Каспий Gold 5169 4931 5682 89 67

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel