Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов: Шырын секілді әпке-қарындасым болса, көшеге шығуға ұялатын едім

Опубликовано:

Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов елге жартылай жалаңаш видеосымен танылған Шырын Нарчеваға қатысты өз пікірін білдірді. Спортшы бұл жайында КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Шырын Нарчева, Қуат Найман. Фото: kyn.kz; alashainasy.kz. Коллаж: NUR.KZ
Шырын Нарчева, Қуат Найман. Фото: kyn.kz; alashainasy.kz. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Менің көптеген шетелдік достарым бар. Дағыстандық, шешен достарым қарындастарының шешініп жүргенін көрсе, олардың намысына қатты тиеді. Сөйтіп, қыздың өзімен сөйлеседі. Егер қыз тыңдамаса, оның ата-анасына барып, ескерту айтады. Егер бұл әрекеттен де нәтиже болмаса, ол қызбен басқаша сөйлеседі.
Бұрын қауымды құртатын қыздарды өлтіріп тастайтын да болған. Достарым: Кішкентайлар осындай қыздарға қарап бұзылмас үшін, өлтіріп тастаған кездеріміз болған" деп айтты", - дейді спортшы.

Сондай-ақ ережесіз жекпе-жек шебері мұндай әрекеттерден болашақ ұрпақтың бұзылатынын айтты.

"Егер менің әпке-қарындастарым болса, мен көшеге шығуға ұялатын едім", - деді Қуат Хамитов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773213-kuat-hamitov-syryn-sekildi-pke-karyndasym-bolsa-ksege-syguga-alatyn-edim/

pixel