RU
16 әпкесі мен үш ағасы бар сегіз қырлы, бір сырлы жігіт жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

16 әпкесі мен үш ағасы бар сегіз қырлы, бір сырлы жігіт жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Кенжеғұл Сейітжан отбасындағы 20-шы бала, үйдің кенжесі. Анасы оны 43 жасында дүниеге әкелген. Оның 16 әпкесі және үш ағасы бар. Алты жасында аттан құлағаннан кейін көзі алты пайыз ғана көреді. Бірақ бұл қиындықтарға мойымаған жігіт талай белестерді бағындырған деп жазады "Замана" басылымы.

Кенжеғұл ҚазҰУ-нің тарих факультетін тәмамдаған. Америкада екі жарым жыл тіл үйреніп, Англияда бір жарым жыл магистратурада оқыған.

Ана тілі мен орыс тілін қоспағанда ағылшын, жапон, неміс, испан, француз тілдерін меңгерген, қазір түрік және корей тілдерін аудиокітаптар арқылы үйреніп жүр. 2020 жылға дейін осы екі тілді меңгеруді өзіне мақсат етіп қойған.

Ол қазір қонақүй бизнесімен айналысады. Өзінің жекеменшік хостелі бар. Ендігі мақсаты Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан хостелдер желісін ашу.

2004 жылдан бастап спортпен кәсіби түрде шұғылдана бастаған. Қазір жігіт тауға өрмелеу, голбол, жүзу, жүгіру, велоспорт секілді спорттың бес түрімен айналысып, барлық спорт түрінен жетістіктерге жеткен.

Кенжеғұл голбол -паралимпиадалық топтық ойынмен шұғылданып, алтын және күміс жүлделерін иеленген. Досымен голболдан Қазақстан федерациясын ашуда. Қазір Қарағанды, Атырау, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларында ашқан.  

"Алматы, Астана марафондарына, қысқа және үлкен қашықтықтағы барлық марафондарға қатыстым. Бұл – мен үшін үрдіс. Себебі спорт маған қуат береді", - деді Кенжеғұл.

Сонымен қатар 2016 жылдан бері мотивациялық тренингтер өткізеді екен.

"Тарихты тұлғалар ғана жасайды. Әрбір адам өзін тұлға ретінде сезінуі керек. Бұл – менің негізгі ұстанымым", - деді өнерлі жігіт.

Осының бәріне үлгеруге оған отбасы қуат береді. Оның екі баласы мен 19 бауыры бар. Бірақ ер азамат отбасы туралы айтудан бас тартты. Себебі үлкен әулеттерін айтып мақтанса, анасы ауырып қалады екен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
3
37
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel