RU
Тереңдігі 100 метрден асатын құдыққа түсіп кеткен екі жасар бала іздестірілуде
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тереңдігі 100 метрден асатын құдыққа түсіп кеткен екі жасар бала іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Испанияда құтқарушылар тереңдігі 100 метрден асатын құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланы іздестіруде деп хабарлайды ukranews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: El Pais

Оқиға орнынан фото: El Pais

Оқиға 13 қаңтар күні Малагадан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Тоталан елді мекені маңында орын алған. Бұл уақытта бүлдіршінің ата-анасы кәуап дайындап жатыпты.

Құдықтың тереңдігі 100 метрден асады. Ені 20-25 сантиметр. Осының салдарынан құтқарушыларға баланы іздестіру қиындық тудырып жатыр.

Арнайы мамандар құдықтың 70 метрден асатын тереңдігіне камера түсіріп, баланың серуен кезінде ұстап жүрген кәмпиттер салынған пакетті тапқан.

Қазір құтқарушылар бала түсіп кеткен құбырға жету үшін басқа ұңғыманы қазу үстінде. Мамандар баланың тірі екендігіне сенімді.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
18
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel