Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова ауылда қалып қойған талантты жастар жайлы клип түсірген

Опубликовано:

Танымал әнші Ақбота Керімбекова NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің алғашқы бейнебаяндары жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзінің "Жүрек сыры" деп аталатын бейнебаянындағы кейіпкер досы жайлы баяндады.

"Бұл бейнебаянға түскен адам әрі досым, әрі ағам. Ең алғаш ол кісімен өзге клипті түсіру барысында танысқанбыз. Айсұлу деген қыз - өзімнің қолымда өсті. Бұл бейнебаянда өзімнің анам да, балам да бар.
Негізі көп клиптерімде жасанды нәрсе ұйымдастырып, аурухана мен ұрып-жылауды көрсетпеймін. Қарапайым нәрсе ұнайды. Бұл әнді Аян Қожанов деген ағамыз жазса, сөзі - Мәтібаева Жазира есімді қыздыкі. Енді бұл клипте ауыл-ауылда қалып қойған небір талантты жастарымыз жайлы көрсеткім келді. Ошақ қасында қалып, өнері жайында қалған қыздарды бейнеледік", - деді Ақбота Керімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773226-akbota-kerimbekova-auylda-kalyp-kojgan-talantty-zastar-zajly-klip-tsirgen/

pixel