RU
Месут Озил "Түркия аруы" атанған хас сұлумен отау құрмақ
Жаңалықтар Спорт

Месут Озил "Түркия аруы" атанған хас сұлумен отау құрмақ

Рассказать Вконтакте

"Арсенал" футбол клубының ойыншысы Месут Озил ресми түрде бойдақтар қатарынан шықты. Танымал футболшы 2014 жылы "Түркия аруы" атанған бойжеткенмен жақын арада отбасын құрмақ деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл қуанышты хабарды Месут өзінің Instagram парақшасы арқылы жанкүйерлерімен бірінші болып бөліскен.

Футболшының таңдауы Амине Гюльше есімді модельге түскен. Оған қоса, тегінде швед пен түрік қаны бар бойжеткен "Түркия аруы 2014" атанып, өз елінің намысын "Әлем аруы" байқауына қорғаған.

Месут Озил мен Аминенің қарым-қатынасы 2017 жылдың жазында бастау алған.

Анықталғандай, бірер күн бұрын ғана түрік футболшысы сүйіктісінің ата-анасының алдынан өтіп, оның қолын сұраған. Атастыру рәсімінде ғашықтардың ең жақындары ғана болған.

Месут Озил ұлты түрік болғанымен Германия туып, өскен. Ал Амине өмірге келгелі бері Швецияда тұрған түрік қызы. Сол себепті ғашықтар үйлену тойларын үш мемлекетте: Түркия, Германия, Швецияда өткізуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel