RU
"Тексеріс басталды": ШҚО-да 37 жастағы жүкті әйел көз жұмды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Тексеріс басталды": ШҚО-да 37 жастағы жүкті әйел көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат елді мекенінің ауруханасында 37 жастағы жүкті әйел көз жұмды деп хабарлайды "Хабар 24"-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

типичная-шатура.рф

Көрнекі фото:типичная-шатура.рф

Оқиға тоғызыншы қаңтар күні болған. Әйел адамды Семей қаласының ана мен бала орталығына жеткізіп үлгермеген. Аудандық емханада науқасқа көмек көрсетілген, бірақ оны құтқарып қала алмаған.

Марқұмның күйеуі Нұрболат Нимежановтың сөзінше, ол әйелін Тарбағатай ауданының аураханасына жеткізгенде онда бәрі жақсы болған, ал бірнеше сағаттан кейін әйелінің қайтыс болғанын хабарлаған.

Марқұм әйелдің туыстары қайғылы оқиғаға акушерлік пунктің дәрігерлерін айыптап отыр. Олар облыстық денсаулық сақтау басқармасына оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арызданған.

Ал дәрігерлер кінәні мойындамай отыр. Олардың мәлімдеуінше, әйел адам үшін босану қауіпті болған. Себебі алдыңғы үш жүіктілігі кезінде де үш рет кесар тілігі жасалған.

" Барлық реанимациялық шараларды жасадық, басынан аяғына дейін. Жүрекке дефибриллятор қолдандық. Бірақ алып қала алмадық. Бізге келгенде әйел адамның қан қысымы түсіп кеткен болды. Ота жасай алмадық", -деді аудандық аурухана акушер-гинекологы Гүлнар Баянбаева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексерісті бастап кетті.

"Патологоанатомиялық зерттеу нәтижелері екі аптадан кейін қолымызға тиеді. Ақсуатқа шығып, сол орында бірнеше күн тексеру жүргіземіз", - деді Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Сала басшылары аудандық аурухана ұжымына біліктілікті арттыру курстарын өткізетінін жеткізді.

Соңғы екі жылда Тарбағатай ауданының ауруханасында жеті жүкті әйел көз жұмған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Астана қаласында қысқа уақыт аралығында бірнеше жүкті әйел қайтыс болған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel