Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Түске дейін белсенділікті қажет ететін істерді аяқтап, түстен кейін бірсарынды істермен айналысыңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 16-шы қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

vokrugsada.ru
Көрнекі фото:vokrugsada.ru: Getty Images

1. Тоқты

Таңертеңнен бастап жұмыс істеуге құлшынысыңыз күшті болса да, біраз сабыр еткен жөн. Әсіресе жауаптылықты талап етіп, тәуекелге қатысты істермен айналыспаған жөн. Бүгін жаңа іске лайықты баға бере алмайсыз.

2. Торпақ

Бүгін түстен кейін алдыңызда көп таңдау пайда болады. Бірақ асықпай, алдымен жайбырақат істермен айналысыңыз. Сезімдеріңізді бақылауда ұстаңыз. Қайырымдылықпен айналысып, сүйіктіңізге сыйлық жасаңыз.

3. Егіздер

Өз бетіңізбен жұмыс істемеген жөн. Бүгін "көп түкірсе көл болады" мақалы сіздің ұстанымыңыз болсын. Сондықтан барлық істі бірлесе істеңіз.

4. Шаян

Бүгін көп ұйықтамай, таңертеңнен белсенді болсаңыз, күніңіз сәтті өтеді. Кешті мүндетті түрде отбасыңызға арнаңыз. Дәл бүгін отбасыңызға қуанышты хабар келуі мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін бәрі сіз ойлағандай болмайды. Жоспарларыңыз іске аспағанына қамықпаңыз. Қателер жіберген болсаңыз, оларды түзетуге болатынын ұмытпаған жөн.

6. Бикеш

Бүгін мойныңызға тым көп жүк артпаңыз. Маңызды кездесулер, жаңа жобалар, келісімшарттарды кейінге қалдырған жөн. Одан да тынығып, уақытты өзіңізге арнаңыз.

7. Таразы

Бүгін бәрін жоспарлап, тек өзіңіз білетін істермен айналысу керек. Себебі қателесу мүмкіндігі жоғары. Күнделікті шаруаларды атқарған дұрыс.

8. Сарышаян

Басқалардың пікіріне құлақ асқан жөн. Барлық сөзге сенудің қажеті жоқ, дегенмен жақындардың, өз ісінің майталмандарының кеңестері сізге артық болмайды. Әсіресе өзіңіз сенімсіз болған сәттерде.

9. Мерген

Түске дейінгі уақытты белсенді өткізген жөн. Ал түстен кейін батылдықты талап ететін шаруалармен айналысыңыз, жақындарыңыз және отбасыңызбен уақыт өткізіңіз.

10. Тауешкі

Бүгін отбасыңыз бен үйге қатысты жаңалықтар көп болады. Біраз қобалжулар болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі жағымды болады. Еңбегіңіздің жемісін жейсіз.

11. Суқұйғыш

Аяқтадым деген істерге қайта ораласыз. Ал қиындықтар туындайды деген жерде бәрі жақсы өтеді.Сондықтан жоспар құрмай, жағдайға қарай әрекет ету керек.

12. Балықтар

Бүгін түйсігіңізге көп сене бермеңіз. Алайда қисынды әрекеттерді істеген жөн. Асығыстық танытпай, алдымен жақсылап ойланып алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773246-16-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel