RU
Шымкенттік әйел пойызда босанып қалды (видео)

Шымкенттік әйел пойызда босанып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жолсеріктер "Шымкент-Алматы-2" бағытымен жолға шыққан әйелдің пойызда сәтті босануына көмектескен. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кадр Instagram.com/ztb_kz видеосынан алынды

Кадр Instagram.com/ztb_kz видеосынан алынды

Оқиға 14 қаңтар күні болған.

Айгүл Жүзбаева есімді Шымкент қаласы тұрғыны жүктіліктің соңғы айында Алматыға қарай жол тартқан.

Түлкібас станциясынан өткенде аяғы ауыр әйелдің толғағы басталыпты.

Сол уақытта 16 вагонның жолсерігі Даурен Байменов пен пойыздың өзге қызметкерлері қажетті көмекті көрсетіп, әйелді сәтті босандырып алған. Нәтижесінде өмірге қыз бала келген.

Ал сол күні кешке қарай Тараз қаласының станциясынан жедел жәрдем күтіп алып, әйелді перзентханаға жеткізген.

Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз қызметкерлеріне алғысын жеткізіпті.

Өмірге келген нәрестенің жағдайы жақсы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel