RU

Шымкентте тоғыз жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Шымкентте 5 қаңтарда тоғыз жасар қызды зорлады деп күдіктелген азамат ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: r16.ru
Көрнекі фото: r16.ru: Facebook

Ұсталған азамат Алматы қаласының тұрғыны болып шыққан.

"Осы жылдың 5 қаңтарында Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген азамат ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты", -деді полицейлер.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері қысқа мерзім ішінде кінәлі адамның ізіне түскен. Күдіктінің қылмысқа қатыстылығы куәлардың және жәбірленушінің айғақтарымен расталады.

"Қазір істің тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201- бабына сәйкес таратылмайды", -деді Департаментте.

Осыған дейін Шымкентте тоғыз жасар қызға зорлық көрсеткен азаматтың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773270-symkentte-togyz-zasar-kyzdy-zorlady-degen-kdikti-staldy.html