RU
Қазақстанда 143 шұжықтан шошқа ДНҚ-сы табылды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 143 шұжықтан шошқа ДНҚ-сы табылды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы ай сайынғы өнім қауіпсіздігі мониторингі аясында 70 мыңға жуық азық-түліктің үлгісі алынып, тоғыз мыңға жуық атаудың техникалық талапқа сай емес екені анықталған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

vproizvodstvo.ru

Көрнекі фото:vproizvodstvo.ru

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соңғы жылдары техникалық талаптарға сай келмейтін өнімдер көлемінің төмендеп келе жатқанын атап өтті.

Министрдің сөзінше, соңғы үш жылда, 2015 пен 2018 жылдар аралығында көрсеткіш 26 пайыздан 14 пайызға азайған.

Өткен жылы әртүрлі 70 мың өнімнің сынамасы алынып, тоғыз мың талаптарға сай емес екені анықталған.

Мысалы, шұжықтың 143 сынамасында шошқа ДНҚ-сы бар екені белгілі болыпты. Сонымен қатар, сүт өнімдерінің 99 сынамасында жасанды май табылған.

Айта кететін жайт, өнімдердің жартысынан көбі, яғни 66 пайызы Қазақстанға шетелден кіргізілген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel