RU
Ақмола облысында жанармай бекетін тонаған полицей бес жылға сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында жанармай бекетін тонаған полицей бес жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында жанармай құю бекетін тонап кеткен полиция қызметкеріне сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: otyrar.kz

Көрнекі фото: otyrar.kz

Қылмыс 2018 жылдың 5 қазанында таңғы сағат 04:00-де орын алған.

Шортанды ауданының ІІБ Уақытша изоляторының бұрынғы басшысы - 39 жастағы полиция қызметкері бетперде, қолғап, күрте киіп, "Вепрь-223" аңшы мылтығымен "ҚазМұнайГаз" жанармай бекетін тонапты.

Аталған жанармай бекеті "Астана-Көкшетау" тас жолының бойында қоныс тепкен Шортанды елді мекенінен 1 шақырымдай жерде орналасқан.

Қарақшы полицей тонау кезінде бекеттің кассирін қорқытып, ақшаны алған бетте оқиға орнынан қарасын суытыпты.

Күдікті жанармай бекетінің иесіне 1 184 230 теңге материалдық шығын келтірген.

Қылмыскер кінәсін толық мойындап, өз еркімен материалдық және моральдық шығынның орнын толтырды.

Осыған байланысты күдіктіні Қылмыстық кодекстің 192 бабы 2 тармағы, 3 тармақшасы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel