RU
Абаев 1 қаңтарда ұялы байланыстың не себепті өшпегенін түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Абаев 1 қаңтарда ұялы байланыстың не себепті өшпегенін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың ұялы байланысы неліктен 1 қаңтарда өшпегенін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: mediator.te.ua

Көрнекі фото: mediator.te.ua

"Бұл жұмыс қазір тіркеуден өтпеген адамдармен және барлық ұялы байланыс операторларымен жүргізіліп жатыр. Біз адамдарға қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше олардың ұялы телефонды пайдаланғанын қалаймыз",- деді ол журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта абоненттер ұсынған деректер салыстырылып жатқанын айтты. Ол аяқталған соң, бірден шешім қабылданады (ред- өшіру туралы).

Одан бөлек, министр неге қазақстандықтардың әр күні кешке интернетке қол жеткізе алмайтыны, тек прокси-сервер арқылы ғана ғаламторды ашуға болатыны туралы сұраққа жауап берді.

"Интернет жоқ? Сізде әр күн сондай проблема бола ма? Мен бұл жағдайдың әр күні орын алатынына күмәндімін. Негізі бұл техникалық ауырлық көбейген кезде болуы мүмкін. Жалпы қарастырар болсақ, бұл Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен байланысты емес. Яғни, біз Қазақстан аумағындағы техникалық ауытқуларға жауап бермейміз", -деді Абаев.

Дәурен Абаев өзінің интернетті көп қолданбайтынын, кешке аз уақыт пайдаланса да, ешқандай мәселе туындамағанын айтуға асықты.

"Сіздерге ұялы байланыс операторларына байланысқа шығу керек. Байланыс сапасы жөнінде сұрақ қойсаңыздар болады. Қолданушы ретінде құқықтарыңыз бар", - деп кеңес берді министр.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ұялы телефонды IMEI-код +SIM-карта +ЖСН тізбегі бойынша тіркеу туралы ереже күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel