Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген полковниктің қызы қашан қамауға алынады?

Опубликовано:

Олжас Сүлейменовтің жиен немересін қағып өлтірген Малика Мұхитованың қашан түрмеге қамалатыны белгілі болды. Бұл жайында Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Владислав Водне
Фото: Sputnik / Владислав Водне: Instagram
"Кеше апеляциялық инстанцияның қаулысы негізінде сот үкімі заңды күшіне енді. Ал бүгін қамауға алу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қаулы бізге түскен бойда, біз оның көшірмесін үкімді орындау үшін жолдаймыз. Мұхитова алдымен тергеу изоляторына, кейін қоныс колониясына, яғни қауіпсіздігі төмен мекемеге жіберіледі", - деді судья. 

Сонымен қатар, Қанат Тобағалиұлы жазда болған жол апатына қатысты істің неге сонша ұзаққа созылғанын түсіндірді.

"Өздеріңіз білесіздер, түрлі болжамдар, нұсқалар айтылды. Осыған сәйкес сот барлық сарапшыдан, куәгерден жауап алып, ақпараттың толық болуын қамтамасыз етті. Сондықтан сот аздап ұзаққа созылды", - дейді астаналық судья.

Айта кетейік, 2018 жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында жол апаты орын алған болатын.

Сол оқиғада Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың қызы Малика Мұхитова мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті қағып кетті.

Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиені оқиға орнында көз жұмды. 

Қараша айының ортасында 29 жастағы Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ол қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773321-slejmenovti-nemeresin-kagyp-ltirgen-polkovnikti-kyzy-kasan-kamauga-alynady/

pixel