RU
Жезқазғанда далада ұйықтап қалған әжейдің туыстары іздестірілуде (фото)

Жезқазғанда далада ұйықтап қалған әжейдің туыстары іздестірілуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Жезқазғанда жадынан айырылған 64 жастағы әйел табылды. Ол қалалық саябақта жерде ұйықтап жатқан және өзі жайлы ештеңе айта алмаған. Құжаттары бойынша, әйелдің аты-жөні Светлана Турышева. Ол өзінің екі ересек баласы бар екенін айтқан, бірақ олар қайда екенін білмейді деп жазады NUR.KZ.

rina.kz/zpravda.kz

Коллаж: rina.kz/zpravda.kz

Есін білмейтін әжейді мейірімді жандар қамқорлықтарына алыпты. Кейуана Қарағандыдан келгенін, Жезқазғанға оны танымайтын ер адам алып келгенін айтқан.

Светлананың сөзінше, Қарағандыда, Москвина (Михайловка) көшесінде жеке тұрғын үйі болған көрінеді. Есінде қалған естеліктеріне сүйенсек, ол үйді біреулер тартып алған.

Әйел адамның екі баласы бар екені есінде қалыпты.

1975 жылы туған ұлы - Олег және 1980 жылы туған Ирина есімді қызы. Олар Астана және Қарағанды қаласында тұрады екен.

Қазір Светлана Сәтбаев қаласында. R ina.kz еріктілері әйел адам немесе туыстары туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардан мына телефондар бойынша хабарласуды сұрайды: 8 771 129 15 79, 8 705 828 75 80, 8 701 375 92 91.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel