Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында екі жігітті белгісіз біреулер атып кетті (видео)

Опубликовано:

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы дүкеннің алдында екі жігітті атып кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: sonnik.ru
Көрнекі фото: sonnik.ru: Facebook

Оқиға 14 қаңтар күні орын алған.

Оқ тиген жігіттерді Маңғыстау облыстық ауруханасына алып келіпті. Бірақ жігіттерді аман алып қалу мүмкін болмаған.

"21:00 Мұнайлы ауданының кезекші мамандарына хабарлама түсті. Маңғыстау облысының ауруханасына оқ тиген екі жігіт жеткізілді", - деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты деген үш күдіктінің екеуі ұсталды. Полиция департаментінің айтуынша, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша іс қозғалған.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773330-magystau-oblysynda-eki-zigitti-belgisiz-bireuler-atyp-ketti-video/

pixel