Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жігітінің әуретті жерін кесіп алған арудың жазасы жеңілдеуі мүмкін

Опубликовано:

Астанада қызғаныш салдарынан сүйіктісінің әуретті жерін кесіп алғаны үшін сотталған арудың жазасы жеңілдетілуі мүмкін деп хабарлайды "Қазақпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Елордадағы №2 Есіл аудандық сотының судьясы Қанағат Тобағалиұлының мәлімдеуінше, әйел адамды бес жылға бас бостандығынан айырған. Алайда, оның кішкентай қызының болуына байланысты сот оған тағайындалған жазаны үш жылға шегеріп қойды.

Бірақ судьяның айтуынша, заңнамаға сәйкес шегеру мерзімі аяқталған кезде сот оның жазасын жеңілдетуі де, болмаса іске асыруы да мүмкін.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың көктемінде орын алған. Астана тұрғыны сүйіктісін қызғанып, оның жыныс мүшесін кесіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773337-astanada-zigitini-uretti-zerin-kesip-algan-arudy-zazasy-zeildeui-mmkin/

pixel