Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көңілдесінің әйелін өлтірді деп күдіктелген спортшыны әлі тергеп жатыр

Опубликовано:

Теміртаудың қалалық соты турфирманың қызметкерін лифтте қасақана өлтірді деген күдікке ілінген спортшы әйелді қамау мерзімін ұзартты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: bagnet.org
Көрнекі фото: bagnet.org: Facebook

Қарағанды облыстық полиция департаментінің тергеушісі соттан 37 жастағы спортшыны қамауға алу мерзімін ұзартуды сұрады, орган қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген екі айда күдіктіні тергеп үлгермепті.

Теміртау қалалық сотының судьясы 37 жастағы күдіктіге үшінші ай "қамауда ұстау" шешімін шығарды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктінің тоғыз айлық баласы анасының қолында. Лифте пышақпен шабуыл жасаған кезде баласы ұйықтап жатқан.

Күдікті әйел бірінші қабатта, ал қайтыс болған турфирма қызметкері Наталья Никитина 8 қабатта тұрған.

Еске сала кетсек, өткен жылы 8 қарашада лифтте 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген болатын.

Күдікті өзінің көршісі болып шыққан. Ол бұрынырақ қайтыс болған әйелдің жолдасымен жақын араласып, бала туып беріпті. Күдікті қылмысқа қызғаныштан барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773345-karagandyda-kildesini-jelin-ltirdi-dep-kdiktelgen-sportsyny-li-tergep-zatyr/

pixel