RU
Браконьерлер шабуылы: Тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Браконьерлер шабуылы: Тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндады

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданындағы браконьерлер шабуылынан тірі қалған инспектор Петр Ницык әріптесі қаза тапқан оқиғаның мән-жайымен бөлісті. Ол қайғылы жағдайды егжейлі-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасына жантүршігерлік оқиғада аман қалған Петр Ницыктің видеосын жариялады. Онда инспектор браконьерлердің қалай шабуылдағаны жайлы ашып айтты.

Инспектордың сөзінше, 13-ші қаңтар күні сағат кешкі алты шамасында ол әріптесі Ерлан Нұрғалиевпен бірге Нұра ауданына қарай бет алған.

Кезекті тексеріс барысында олар бірнеше киіктің өлі денесі мен олардың қасынан көлік іздерін анықтапты.

Артынан олар нөмірсіз екі Toyota Land Cruiser автокөліктерін байқап қалған. Петр мен Ерланның көлігі киіктерді заңсыз атқандарды Қаракүз ауданында қуып жетіпті.

Инспекторлар ескерту ретінде бірнеше мәрте аспанға оқ атқан. Алайда бұзақылар оларды елемей, қашып кете берген.

"Біз жақындай бергенде ата бастады. Ерлан олардың сол жақ дөңгелегіне оқ жаудырды. Бір көлікке жолды бөгеп, өздері далаға атылып шықты. Қаруланған жігіттер шықты" , - деп еске алды Петр Ницык.

Ер адамның айтуынша, браконьерлер көліктен шыққан соң, олардың арасында үлкен төбелес орын алған.

"Мен біреуін жерге құлатқанымда, біреуі келіп мені төбемнен бір соқты. Тұрмақшы болғанымда, бетімнен тағы соққы алдым. Есімнен танып қалдым. Ерланға қарағанымда оның етбетінен жатқанын көрдім.
Екеумізден де қан ақты. Қанды қалай болғанда да тоқтату үшін басымды футболкаммен орап, бас киім киіп алдым. Ерланның басын пакетпен орап қойдым. Өзім аяққа әрең тұрсам да, оны дөңгелекке қарай сүйреп әкелдім" , - деді инспектор.

Бұдан кейін зардап шеккен азаматтарға әріптестері келіп жетіп, бірден жедел жәрдем шақырған.

Айта кетейік, екінші инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер бір тәуліктен астам уақыт жан таласқан болатын. Бірақ, бүгін таңертең ер адам қайтыс болды.

Сәкен Қалқаманов өз кезегінде, құқық қорғау органдарын қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығын анықтап, қатаң түрде жазалауын талап етті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
25
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel