RU
Назарбаев Арменияның премьер-министрін жаңа қызметімен құттықтады
Жаңалықтар Әлемде

Назарбаев Арменияның премьер-министрін жаңа қызметімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Арменияның премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

"Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін.
Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін", – делінген жеделхатта.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel