RU
800 мыңға жалға береді: Алматыда элиталы пәтер қожайындары салық төлемей жүр
Жаңалықтар Қоғам

800 мыңға жалға береді: Алматыда элиталы пәтер қожайындары салық төлемей жүр

Рассказать Вконтакте

Медеу ауданында орналасқан беделді тұрғын үй кешенінде 12 пәтердің қожайындары үйін жалға бергенімен, салық төлемейді. Оны қалалық кіріс басқармасы анықтады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлады.

Көрнекі фото: realty.rbc.ru

Көрнекі фото: realty.rbc.ru

Салықшылардың айтуынша, қымбат пәтердің көбінде шетелдіктер жалға алады.

Тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің бағасы 150 мың теңге. Екі бөлмелі пәтерді жалға алу 200-250 мың теңге, 3 бөлмелі пәтер - 350-550 мың теңге, 4 бөлмелі пәтер - 550-800 мың теңге тұрады.

Бір тәулікке жалға алудың бағасы 15-30 мың теңгені құрайды.

Қалалық кіріс басқармасы айтуынша, пәтерді жалға беру табысты "бизнес" болып саналады. Бірақ барлық қожайындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеп жатқан жоқ. Тек осы тұрғын үй кешенінде 12 адам анықталған.

Қазіргі уақытта пәтердің қожайындарына кемшіліктерді жою үшін 7 күн уақыт берілді. Олай болмағанда, олар салықпен бірге айыппұл төлейді.

Ведомстваның айтуынша, 1 ақпаннан бастап қалалық кіріс басқармасы полициямен бірге уақытша тіркеуде тұрған адамдардың тұрып жатқан пәтерін тексеретін болады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel