RU
Түркістан облысында барымташылар 27 жылқыны айдап әкеткен
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында барымташылар 27 жылқыны айдап әкеткен

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының тұрғыны бір түнде 27 жылқысынан айырылды деп жазады NUR.KZ тілшісі.

u24.ru

Көрнекі фото: u24.ru

Оқиға қаңтардың алтысынан жетісіне қараған түні болған. Сол күні қалың тұман түскен екен. Сол себепті жылқышы жігіт ештеңені байқамай қалған.

Ауылда шаруасын дөңгелетіп, нəпақасын мал шаруашылығынан айырып жүрген Дəурен Шонабаев жылқыларының табылатынына күмәнданып отыр.

Себебі 2009 жылы да қорасындағы 16 бас жылқыны белгісіз біреулер ұрлап, жауаптылар сол күйі табылмапты.

"Аталмыш жайт бойынша қылмыстық кодекстің 188-ші бабы төртінші тармағы бойынша тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі бастығының бұйрығымен жедел тергеу тобы құрылып, қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі.
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel