RU
Алматыда несиесін төлемеген байлардың тікұшақтары тәркіленді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда несиесін төлемеген байлардың тікұшақтары тәркіленді

Рассказать Вконтакте

Алматыда 2018 жылы банкке несиесін төлемеген ауқатты азаматтардың әрқайсысы 10 миллионға бағаланған екі тікұшақ тәркіленген. Борышкерлер қатарында белгілі саясаткерлер мен бизнес алпауыттары да бар деп хабарлайды КТК арнасы.

ato.ru

Көрнекі фото:ato.ru

Алматы қаласында 2018 жылы әрқайсысы 10 миллионға бағаланған екі тікұшақ пен премиум класстағы бірнеше автокөлік тәркіленген.

Борышкерлер сот шақыртуын көбінесе елемейтін көрінеді. Заңға бағынбағандардан сот орындаушылары жалпы сомасы 600 миллион теңгеден астам қаржы, 15 жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер телімдері, пәтер және паркингтерді мемлекет пайдасына өндірген.

Борышкерлердің арасында алимент төлеуден жалтарған әкелер де бар екен. Перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген жауапсыз бай-бағландардың бағалы зергерлік бұйымдары, дүние-мүліктері және 24 автокөлігі тәркіленген.

"Тікұшақ кез келген адамда бола бермейтін мүлік. Заң алдында барлық адам бірдей. Мейлі сен миллионер бол, шенеунік бол, заң бұған қарамайды. Статистикаға қарайтын болсақ, жыл сайын несие төлей алмаған немесе алимент төлемегендер көбейіп жатыр. 2018 жылы шамамен мыңнан астам тәркілеу жұмыстары жүргізілді", - деді сот орындаушысы Бағлан Тұрсынбаев.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel