Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен жүргізуші полицей көлігін соқты

Опубликовано:

Петропавл қаласының полицейлері билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісін тергеуде. Бұл биылғы жылы тәртіп сақшыларына бағынбаудың екінші оқиғасы деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:kp.kz
Көрнекі фото:kp.kz: Facebook

«Мерседес» көлігінің жүргізушісінің жолдағы көлік жүргізу мәнері жол-патрульдік полицейлерінің назарына іліккен.

Көлік жүргізушісі тоқтау туралы билік өкілдерінің заңды талабын елемей, қашқан. Біраз уақыт көлікті қуған полицейлер құқық бұзушы тоқтатқан, алайда ол көліктен шығудың орнына алдында тұрған полиция қызметкерінің көлігін соққан.

Тәртіп бұзушыны ұстау үшін полицейлерге күш қолдануға тура келген. Петропавл көшелерінде қауіпті жағдай тудырған 1978 жылы туған қала тұрғыны екен. Ол бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.

Полицейлерден қашуына жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастық күйінде болуы себеп болуы мүмкін. Жасаған заң бұзушылықтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Петропавл қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылылған.

«Аталған факті қылмыстық кодексінің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп хабарлады Петропавл қалалық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773396-petropavlda-trtip-saksysyna-karsylyk-krsetken-zrgizusi-policej-kligin-sokty/

pixel