RU
Қостанай облысында ауыл тұрғыны өзінің бауырын пышақтап өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысында ауыл тұрғыны өзінің бауырын пышақтап өлтірген

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында тұратын ер адам өзінің туған бауырын пышақтап өлтірген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қостанай

Көрнекі фото: sputniknews.kz

2018 жылдың 26 желтоқсанында полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, ауылда ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған.

Жедел шаралар жүргізілген соң, ағайындылардың үйде отырыс жасағаны белгілі болды. Әңгіме барысында олардың арасында дау шығып, соңы ұрысқа ұласқан.

Жанжал барысында олардың бірі сөз көтере алмай, бауырына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші азамат сол жерде қайтыс болады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.    

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel