RU

Астанада 8 жасар немересіне азғындық әрекет жасаған зейнеткер сотталды

Астанада 66 жастағы зейнеткер сотталып кетті. Ер адам өзінің кәмелеттік жасқа толмаған немересіне азғындық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды деп хабарлайды Евразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

пенсионер
Көрнекі фото: Rusevik.ru: UGC

Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылдың жазында атасы өзінің сегіз жасар немере қызымен бірге үйде жиі оңаша қалыпты.

Қария бүлдіршінді үлкендерге арналған фильмді көруге мәжбүрлеген. Ал кейін тіпті оған тиісе бастапты.

Көп ұзамай немересі атасының күдікті әрекеттері туралы ата-анасына айтып берген. Ер адамды бірден тұтқынға алады.

Жақын күндері шулы іске қатысты соңғы сот отырысыжабық түрде өтті.

Нәтижесінде зейнеткер кәмелет жасына толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773419-astanada-8-zasar-nemeresine-azgyndyk-reket-zasagan-zejnetker-sottaldy.html