RU
Өзіне мінсіз қалталы жігіт іздеген 28 жастағы қазақ қызы сынның астында қалды
Жаңалықтар Қоғам

Өзіне мінсіз қалталы жігіт іздеген 28 жастағы қазақ қызы сынның астында қалды

Рассказать Вконтакте

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасына келіп, өзіне "идеал" жігіт іздеген бойжеткен елді күлкіге қарық қылды. Өзінің болашақ жарына қоятын талаптарын айтқан 28 жастағы қызды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Фото:pinme.ru

Фото:pinme.ru

Dudoser парақшасына салынған Салтанат есімді арудың видеосын көпшілік қатаң сынға алған.

"Жігіттің менен үлкен болғаны да дұрыс сияқты. Сосын міндетті түрде ЖОО бітірген. Өзі таңдаған саласы бойынша көтерілген, материалдық жағдайы тұрақты болғаны дұрыс. Сондай-ақ, бойы менен ұзын болуы керек. Менің идеалымдағы жігіт осындай.

Тағы айтарым, жігіттің табысы минимум 300-500 мың болуы керек. Өйткені, менен үлкен жігіт осы жасында мен айтқан жетістіктерге жетпесе, ол - төмен жігіт", - деді Салтанат.

Ал желі қолданушылары болса "Неліктен отырып қалғаның белгілі болды", "Мына талаптармен ешқашан күйеуге шықпайсың ғой", "Өзің осы айтқандарыңа сайсың ба?", "Ондай жігіт сені керек қылмасы анық", - деп жарыса пікір білдірген.

Сіздің реакцияңыз
9
2
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel