Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пойызда шымкенттік келіншекті "босандырған" жолсеріктер масқара болды (видео)

Опубликовано:

Пойызда толғағы қысып, босанып қалған келіншектің оқиғасы ушығып кетті. Жүкті әйелдің "босануына көмектестік" деп өздеріне алғыс айтқызған жолсеріктердің өтірігі шығып, ұятқа қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: ztb_kz
Фото: ztb_kz: Facebook

Әлеуметтік желіде бала ұстаған келіншектің пойыз басшысы мен вагон жолсерігіне рахмет айтқан видеосы тараған болатын.

Алайда алғыс жаудырған әйел пойызда босанған әйел емес, мүлде басқа адам болып шыққан.

Ал толғақ қысып, пойызда төртінші перзентін босанған Айгүл Жүзбаева қазір Тараз қаласындағы перзентханада жатыр. Ана мен бала ақхалаттылардың жіті бақылауында.

Жас ананың әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан тіпті хабары болмапты.

Әйелінің орнына басқа адамды сөйлеткені үшін оның күйеуі де қатты ашулы.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, Айгүл Жүзбаеваның босануына көмегін тигізген жолаушының бірі алғысын айтуға өзі ниет білдіріпті. Мақтау естігісі келген пойыз басшысы мен вагон жолсерігі оған қарсылық білдіре алмаған.

Түркістан облысының тұрғыны өзімен бірге абысыны мен акушердің жүргенін айтты. Оны солар босандырып алыпты.

Айгүл Жүзбаеваны шымкенттің дәрігерлер Алматыға арнайы жіберген көрінеді.

""Ертең босансаңыз көп қан кетіп қалады. Бұған біз жауап бере алмаймыз" деп Алматыға жіберген. "Толғақ кеп жатыр" деп едім, "үлгересің" деді. Сонымен аман-есен босандым. Шүкір", – деді жас ана.

Еске сала кетсек, 14 қаңтар күні "Шымкент-Алматы-2" бағытындағы пойызда жүкті әйел толғатқан. Оған 16 вагонның жолсерігі Даурен Байменов пен пойыздың өзге қызметкерлері қажетті көмекті көрсетіп, сәтті босандырып алған.

Дерекөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773433-pojyzda-symkenttik-kelinsekti-bosandyrgan-zolserikter-maskara-boldy-video/

pixel