RU
"Мен сияқты болмасын": Байзақова өз қызын қалай тәрбиелейтінін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мен сияқты болмасын": Байзақова өз қызын қалай тәрбиелейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Атышулы инста-блогер Айжан Байзақова болашақта қызды болса, оның өзіне ұқсағанын қаламайтынын айтты. Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасына қонаққа келген ару жан сырымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі: "Болашақта тағы ана атансаң, қызыңның өзің секілді болғанын қалайсың ба?", - деп сұраған.

Ал жақында ұлды болған жас ана болса қызына қандай тәрбие беретінін жасырмай айтты.

"Ең бастысы, қызым не істесе де, мен біліп отыруым керек. "Не істесең де, маған бәрін айтуың керек" деймін. Өйткені, жасырын есірткі шегіп жүрген жастардың көбі оны ата-анасына айтпайды.

Егер менің қызым татуировка салғызғысы келсе, "Мүмкін керек емес шығар?" деймін. Егер келіспесе, "онда ең кішкентайын салғызайық" деп айтамын.

Ал егер қызым "Менің ішімдік ішкім келеді" десе, онда жанымда отырып, бір бокал вино ішуге рұқсат беремін. Өйткені, қызымды бақылауым керек", - деді ол.

Сондай-ақ, Байзақова қазіргі балалардың өз-өзіне қол жұмсауына анасымен сырласпауы себеп екенін айтты.

"Жасөспірімдер анасына шындықты айтуға қорқады. "Анам мені өлтіретін шығар" деп асылып өледі. Алайда олар басынан өткен қиындықтарды анасымен бөлісуі керек. Менің де анама айта алмайтын нәрселерім болады. Соңғы сәтке дейін, өзім шеше алмайтын уақытқа дейін айтпай жүріп, кейін айтатын кездер болды", - дейді Айжан Байзақова.
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel