Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұншықтырғыш маньяк: ШҚО полициясы желіде тараған қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Оралда Whatsapp мессенджері арқылы қалада маньяк жүргені туралы хабар тараған. Бұл ақпаратты өңір полициясы жоққа шығарса да, аудиожазбадағы кей жайттар шындыққа сәйкес келеді екен. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: v-kurse.ru
Көрнекі фото: v-kurse.ru: Facebook

Таралған жазбада темір жол вокзалы маңында белгісіз бойы ұзын ер адамның нәзік жандыларға шабуыл жасап жүргені айтылған.

Аудиодағы келіншектің сөзінше, осыған дейін екі жағдай орын алыпты. Оның айтуынша, оның құрбысы да сол ер адамның құрбанына айнала жаздаған көрінеді.

"Менің құрбымды да өлтіріп кете жаздады. Ол әрең құтылды", -деген ол аудижазбада.

Қала орталығында маньяктың жүргенін полиция қызметкерлері жоққа шығарды. Алайда, олар сол аймақта келіншектерге шабуыл жасалғанын растады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде 12 қаңтарда белгісіз азамат 40 жастағы азаматшаны қорқытқаны, осы дерекке қатысты іс қозғалғаны айтылды.

Қазір бұзақы іздестіріліп жатыр. Оралда осыған ұқсас басқа жағдайлар болмаған.

Одан бөлек, Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773437-tnsyktyrgys-manak-sko-policiasy-zelide-taragan-kauesetke-zauap-berdi/

pixel