RU
"Мал баққым келеді": Серік Ибрагимов әншілікті қойып, өнерден кете ме?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мал баққым келеді": Серік Ибрагимов әншілікті қойып, өнерден кете ме?

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Серік Ибрагимов өнер әлемінен алыстаса, мал бағумен айналысатынын жасырмай айтты. "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сырын ақтарған әнші мал шаруашылығына икемі бар екенін айтып қалды деп жазады NUR.KZ.

"Әзірге табыс тек өнерден түсіп тұр. Бірақ, алдағы уақытта мал баққым келеді. Жылқы жинағым келеді.

Енді ауылдың баласымын ғой. Сондықтан осындай іс ұнайды. Қалаға ет, қымыз экспорттаумен айналысқым келеді.

Ол жақта енді қосымша жұмыстар болады ғой. Барлығы Аллаға мәлім", - деген әнші өнерінің ұзаққа созылмайтынын айтты.

"Біразға дейін ән айтып, билетіп жүре бермейтін шығармын. Балалы-шағалы боламын. Қазіргі уақытта өнерім - жұмысым. Ал болашақта хоббиіме айналатын сияқты", - деді Серік Ибрагимов.

Айта кетейік, Серік Ибрагимовтің қоржынында 50-ден аса әні бар екен.

Естеріңізге сала кетейік, Ибрагимовтің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
1
17
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel