RU
Әбдірайымов анасының тілге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады

Әбдірайымов анасының тілге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады

Рассказать Вконтакте

Анасының үш рет инсульт алып, төсекке таңылып жатқанын айтқан Бағлан Әбдірайымов көпшілікке жақсы жаңалығын жеткізді. Әншінің анасы жақында тілге келген деп жазады NUR.KZ.

"Жігіттер" тобының әншісі өзінің қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Алланың құдіретіне шек барма? "Балам" деген сөзін есту үшін, Құдай-ау неше ай күттік. Өз рұқсатымен Instagram-ға салып тұрмын. Баршаңызға ыстық сәлемін жолдап жатыр", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Айта кетейік, осыған дейін ол анасының ауыр жағдайы жайлы жазба жариялап, елді жылатқан болатын.

Сонымен қатар, Әбдірайымов анасының үш рет инсульт алып, төсекке таңылып жатқанын да мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Әбдірайымовтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel