RU
Денис Тен ісі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Денис Тен ісі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің ісіне қатысты сот отырысында прокурор Қуандық Досов спортшының өліміне күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартты. Мемлекеттік айыптаушылар қылмыскерлерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп жазады NUR.KZ.

Денис Тен ісі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды талап етуде

Денис Теннің өліміне күдіктілер. Фото: nur.kz

Тағы да оқыңыздар:

Оксана Тен Толыбаеваға шетелден түскен қоңыраулар жайлы айтты

Денистің анасы Қиясовтың жанұясы кенеттен "байып" кеткеніне күдіктенді

Оксана Тен: Дениске көмек көрсеткен куәгер қыз оның суретін танысына жіберген

Арман Құдайбергенов "Алдын ала келісіп ұрлық жасау", "Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық" , "Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру" бабы бойынша айыпталып жатыр.

Нұралы Қиясовқа ұрлық бойынша айып тағылмаған. Алайда оның қылмыстық ісі қалған баптар бойынша қаралуда.

Ал Жанар Толыбаеваға "Алдын ала келісіп жасалған ұрлық" пен "Қылмысты жасырып қалу" баптары бойынша айыпталуда.

"Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты кінәлі деп танып, оларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ал Жанар Толыбаевға 4 жыл жазасын өтеу туралы үкім шығаруыңызды сұраймын" , - деді прокурор Досов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Денистің анасы тергеуге қанағаттанбағандықтан сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап еткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel