RU
Павлодарлық бұзақылар бес жарым млн теңгенің дәретханасын қиратқан

Павлодарлық бұзақылар бес жарым млн теңгенің дәретханасын қиратқан

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында бұзақылар қала бюджетінен арнайы қаржы бөлініп, бес жарым миллион теңгеге салынған қоғамдық дәретхананы қиратып кеткен деп хабарлайды Астана телеарнасы.

фото: Астана телеарнасынан кадр

фото: Астана телеарнасынан кадр

Көпшілікке арналған әжетханада бұған дейін жылу жүйесі болған және ыстық, суық сумен қамтамассыз етіліпті

Күзетшілер болмаған кезде бұзақылар құлпын бұзып, ішіндегі заттарды киратып кеткен көрінеді.

Қазір ішіндегі құбырлар қатып, жарық та істен шыққан.

Дәретхананың ішіндегі жылытқышты да қарақшылар көтеріп алып кетіпті.

Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайыновтың айтуынша, қоғамдық дәретханалардың қожайындары өзгеруіне байланысты нысан уақытша бақылауда болмаған.

"Қазіргі уақытта дәретханаларды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан кейін тазалау шаралары қолға алынады.
Қазір қалада үш модульдік және бес стационарлық әжетхана бар. Вандализм деректерінің жиілеуіне байланысты модульдік дәретханалар апатты жағдайда", – дейді Құсайынов.

Еске сала кетсек, бес жарым миллион теңгеге салынған қоғамдық дәретхана 2016 жылдың қарашасынан бастап Павлодардың орталығында қолданысқа берілген.

Автор: Ә.Мұхитқызы

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel