Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық азаматтың шатырдан не себепті секірмек болғаны белгілі болды

Опубликовано:

Күні кеше Астанада биіктіктен құламақ болған азамат әйелімен ұрысып қалған болып шықты. Бұл туралы Астана полициясы мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram.com - eto_astana_detka и astana_brothers
Фото: Видеодан кадр/ Instagram.com - eto_astana_detka и astana_brothers: Facebook

Елордалық тәртіп сақшылары қала тұрғындарына қайғылы оқиғанын бетін қайтарғаны үшін алғыс айтты.

"15 қаңтарда сағат 17:00 шамасында полицияға көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған азамат туралы хабар келіп түсті. Тұрғындар мен ПИК қызметкерлері оны райынан қайтарды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер азаматты "Байқоңыр" ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

Тексеріс барысында ол жанжалдан кейін жұбайының назарын аударғысы келгенін айтты", -деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Медициналық тексеріс нәтижесінде елордалық тұрғынның мас күйде болғаны анықталды.

33 жастағы азаматқа әкімшілік кодекстің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773473-astanalyk-azamatty-satyrdan-ne-sebepti-sekirmek-bolgany-belgili-boldy/

pixel