Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адвокат: Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырған

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші жақтың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров күдікті Жанар Толыбаеваға қатысты жазаны ауырлатуды сұрады. Адвокат бойжеткеннің қылмысқа тікелей қатысы бар екенін айтып, оны "Алдын ала адамдар тобымен келісіп жасалған өлім" бабы бойынша кінәлі деп табуын өтінді деп жазады NUR.KZ.

Адвокат: Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырған
Жанар Толыбаева. Фото: NUR.KZ: Instagram

Тағы да оқыңыздар:

Денис Тен ісі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

Оксана Тен: Дениске көмек көрсеткен куәгер қыз оның суретін танысына жіберген

"Сәйкестік деген жайдан жай болмайды. Пышақ, қолғап сатып алу деген. Бұл - алдын ала келісіп, тапсырыспен жасалған қылмыс.

Бұл оқиғада мен Толыбаеваны басты ұйымдастырушы деп есептеймін. Ол телефонмен сөйлесіп, нұсқаулықтарды беріп отырған.

Үшеуінің ішіндегі ең білімдісі де сол. Оның жоғарғы білімі бар. Ағылшынша жақсы сөйлейді. Өмірде мақсаты бар.

Құдайбергенов ұрлықтың арқасында, Қиясов отбасының көмегімен күн көріп жүр. Тұтқа арқылы тапсырманы осы Толыбаева алып отырды деп ойлаймын" , - деді Өстеміров.

Жәбірленуші жақтың қорғаушысы Жанар Толыбаеваның Денис Тен өліміне тікелей қатысы бар екенін айтып, оны "алдын ала келісіп жасалған адам өлімі" бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Денистің анасы тергеуге қанағаттанбағандықтан сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап еткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773477-advokat-denisti-limine-kdikti-tolybaeva-eki-zigitke-nskau-berip-otyrgan/

pixel