"Жақсы ақша табады": Головкинге Альварестің орнына екі кездесу ұсынылды
Танымал журналист Джефф Аранау Boxingnews24.com интернет порталына жариялаған мақаласында Генадий Головкиннің алдағы жоспарларына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sports.kz.

Фото: Головкиннің жеке парақшасы
Спорт шолушысының айтуынша, егер GGG DAZN ақпараттық серіктестің шартына қол қоймаса, Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру қиын болады.
Дегенмен, журналист Аранау қазақстандық боксшыға басқа қарсыластар ұсынды.
"Егер ол Premier Boxing Champions-пен келісімшартқа отырса, Головкиннің боксын Showtime PPV көрсететін болады. Ол Джермалл Чарло немесе Каллум Смит сынды боксшылармен кездесу арқылы жақсы ақша таба алады", - деді мақала авторы.
Еске сала кетсек, өткен жылы қыркүйек айындағы қарымта кездесуде Головкин мексикалық "Канелодан" төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Бұған дейін қазақстандық боксшы бірде-бір рет ұтылып көрмеген еді.
Нәтижесінде, GGG барлық чемпиондық белбеулерінен айырылды.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір