RU
Полиция қарағандылық инспекторды өлтіріп кеткен браконьерлерді анықтады

Полиция қарағандылық инспекторды өлтіріп кеткен браконьерлерді анықтады

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысындағы "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасау фактісі бойынша тергеудің қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Оқиға нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлердің бірі ауруханада көз жұмған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Петр Ницык және Ерлан Нұрғалиев. Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Петр Ницык және Ерлан Нұрғалиев. Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, кеше №1 қалалық ауруханада "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының бірі көз жұмды.

Ол өзінің әріптесімен осы жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысының аумағында қызметтік міндеттерін атқару кезінде браконьерлер жасаған шабуылдың құрбанына айналды.

"Осы факті бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 99 - бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде (бір топ адам өлтіру)", - деп атап өтті Алмас Сәдубаев.

ІІМ ақпараты бойынша, қазіргі уақытта аталған қылмысты жасауға қатысы бар барлық адамдар анықталған. Оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрлік қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болған қаскүнемдердің ізіне түсу кезінде орын алған.

Нәтижесінде қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
4
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel