RU
Ұлыбританиялық ару көзіне шөп салған жігітінің масқарасын шығарды

Ұлыбританиялық ару көзіне шөп салған жігітінің масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиялық ару Эмили Уилсон белгісіз бойжеткенмен көзіне шөп салған жігітін әшкереледі. Жас қыз өзінің Twitter парақшасына жігітінің бөтен арумен сөйлескен хаттарын жаряи еткен деп жазады Сегодня сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:ofigenno.com

Фото:ofigenno.com

Уилсон сүйіктісінің әлеуметтік желіде өзге қызбен сөйлесіп жүргенін байқап қалған. Бұл оқиға Эмили Уилсон мен жігіті шетелде қыдырып жүргенде орын алған.

Жас жігіт әлеуметтік желідегі аруға бірге бақытты болатынын айтқан. Сондай-ақ Эмили Уилсонмен жай кездесіп жүргенін де жеткізген.

Бұл хаттарды көрген ару жігітінің әңгімесін скриншоттап алып, желіге салып жіберген.

"Елестетіңіз үш жылдан бері кездесіп жүрген жігітіңізбен Австралияға демалуға бір айға демалуға бара жатырсыз. Қайтатын уақытта сіз сүйіктіңіздің демалуға аттанбас бұрын бір қызбен төсектес болғанын және оған үнемі хат жазатынын білесіз. Сондай-ақ жігіт бұл әрекеттерін сіздің жаныңызда жатып жүзеге асырады", - деп жазды Эмили Уилсон.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel