Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жай ғана жұмыртқа 26 миллион лүпіл жинап, желіні жарды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жарияланған тауық жұмыртқасының суреті 26 миллион лүпіл жинап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көпшіліктің қыруар дауысына ие болып, бірінші орынға шыққан фото Instagram-дағы @world_record_egg парақшасында жарияланған.

Ал бұл суретті жария еткен адам лүпіл бойынша алдыңғы рекорд орнатқан адамды басып озғысы келгенін ашық айтқан. Алайда ол өзінің жеке тұлғасына қатысты ақпарат беруден бас тартыпты.

Айта кетейік Instagram желісіндегі рекорд - жаңа туған қызына пост арнаған модель Кайли Дженнерге тиесілі. Оның бұл жазбасына 18 миллион адам ұнату белгісін басқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1773527-zaj-gana-zmyrtka-26-million-lpil-zinap-zelini-zardy-foto/

pixel