Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Видеоға түсіп қалған: Абай ауылында зорланған жігіттің ісіне қатысты тың мәлімет шықты

Опубликовано:

2018 жылдың жазында Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 16 жасынан бастап екі адамның зорлағанын, оның біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтқан еді. Ал жақында күдіктілерге қатысты тың мәлімет пайда болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ya-roditel.ru
Фото: ya-roditel.ru: Instagram

Жасөспірімді зорлады деп айыпталып отырған күдіктілердің бірі Абай ауылының тұрғынымен сөйлесіп, өзінің кінәсін мойындаған сәті жазылған видео мен телефон әңгімесінің жазбасы полицияға берілген.

Бұл жайында жігітке қол ұшын созған танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова мәлім еткен.

Адвокат 2015 жылы жәбірленушінің ата-анасы екінші күдіктіні видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

"Бұл видеода Ержан атты екінші күдікті бар. 2015 жылы Ержан үнемі жігітті іздеп, кейінгісі кездесуге келісімін береді. Бірақ жас жігіт бұл жолы өзімен бірге ата-анасын ала барады. Ата-анасы көрші бөлмеде болып, біраз уақыттан кейін ер адам мен баласы болған бөлмеге кіріп, барлығын видеоға түсіріп алады. Видеода ер адам өзінің есімін және не істегенін айтып береді", - деді адвокат.

Омарова полицияда күдікті ер адамның болған қылмысқа қатысы бар екенін айтқан сәті түсірілген видео бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші күдіктінің әңгіме барысында қылмысқа қатысы бар екенін мойындағанын айтты. Барлық мәлімет құқық қорғау органына тапсырылған.

Ал Түркістан облысы полиция департаментіндегілер осы іс бойынша күдіктілердің бірінің полицей болғанын растады.

"Күдіктілердің бірі — бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан 2016 жылы теріс пиғылына байланысты жұмыстан шығарылды", - деді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер.

Департаменттегілер күдіктінің Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы полиция бөлімшесінде қызмет еткенін нақтылады.

"Осының барлығы қолда бар екеніне қарамастан, Түркістан облысы полициясы тергеуді жүргізуші ретінде ешқандай шара қолданбай отыр. Екі күдікті де әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ. Менің қорғауымдағы жігіт көптен бері жазасын алмай жүрген қылмыскерлерді соттау үшін соңына дейін баруға әзір", - деп наразылығын білдірді Омарова.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде 2015 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Қазіргі сәтте Түркістан облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, полициядағылар қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметі жария етілмейтінін айтты. Заңды процестік шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

Еске сала кетейік, жас жігітті алғаш рет 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл үш жыл көлеміне созылған.

Оның айтуынша, олар зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773531-videoga-tsip-kalgan-abaj-auylynda-zorlangan-zigitti-isine-katysty-ty-mlimet-sykty/

pixel