Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Құдайбергенов: Ойымда кісі өлтіру деген болмаған

Опубликовано:

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында күдіктілер спортшының анасы мен көпшіліктен кешірім сұрады. Нұралы Қиясов пен Арман Құдайберген оқиғаның осылай аяқталғаны үшін өкінетіндерін айтты деп жазады NUR.KZ.

Арман Құдайбергенов. Фото: ҚР ІІМ
Арман Құдайбергенов. Фото: ҚР ІІМ: Instagram
"Оксана ханымнан да кешірім сұрағым келеді. Болған жағдайға шын жүректен өкінетінімді айтқым келеді. Адвокатымның айтқанымен толықтай келісемін. Менің ойымда "кісі өлтіру", "кісі өлімі" деген болмаған. Басқа айтарым жоқ", - деді Арман Құдайберген.

Айта кетейік, осыған дейін Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов та соттан кешірім сұраған болатын.

Бүгінгі сот отырысында марқұмның анасы Оксана Тен тергеу амалдарына қанағаттанбай, сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап етті.

Оксана Теннің адвокаты Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырғанын айтып, күдікті келіншекке жазаны ауырлатуды сұраған.

Сондай-ақ, бүгінгі жарыссөзде прокурор Қуандық Досов спортшының өліміне күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартып, күдіктілерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773541-arman-kdajbergenov-ojymda-kisi-ltiru-degen-bolmagan/

pixel