Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде көшедегі "емшіге" сенген әйел оңбай алданып қалды

Опубликовано:

Семей қаласында алаяқ емші ұсталды. Ол жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, 1 миллион теңге тұратын алтындарын алған деп хабарлайды Altaynews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: АиФ/Надежда Уварова
Фото: АиФ/Надежда Уварова: Facebook

Әуезов полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан алаяқтың құрбаны болғаны туралы арыз түскен.

Оның сөзінше, көшеде таныс емес әйел адам келіп, әңгімеге тартыпты.

Сөйлесу барысында өзін емші ретінде таныстырып, көз тигенін және дереу емдеу керектігін айтқан.

Бұл үшін тағып жүрген алтындарды тазалау керектігін жеткізіпті.

Содан емшінің сөзіне иланған қала тұрғыны бағасы бір миллион теңге болатын алтын бұйымдарын қолына берген.

Кейінірек қала тұрғыны алаяқтың қолына түсіп алғанын аңғарыпты.

"Кринималдық полиция қызметкерлері оқиға орнында саусақ іздері бойынша зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 40 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Оны полиция бөлімшесіне жеткізді", - деді Семей қалалық полиция басқармасы.

Полиция 1 миллион теңгеге бағаланған алтын бұйымдарын күдікті сатып, ақшасын қажетіне жаратып үлгергенін айтты.

Қазір күдіктінің үстінен ҚК-нің 190 бабы, 1 тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773544-semejde-ksedegi-emsige-sengen-jel-obaj-aldanyp-kaldy/

pixel