Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Толыбаева: Әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын

Опубликовано:

Бүгінгі сот отырысында Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Жанар Толыбаева сотта соңғы сөзін айтты деп жазады NUR.KZ.

Жанар Толыбаева. Фото NUR.KZ
Жанар Толыбаева. Фото NUR.KZ: Original
"Бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Орны толмас қайғы болды. Соттан әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. Мені қанша жылға, қаншалықты ауыр жаза тағайындағаныңызбен, Оксана Тен ханымның баласы қайта орнына келмейді. Онымен қоса менің құрсағымдағы және үйдегі баламның көз жасы бар. Қалай болса да, әділ шешім шығаратыңызға сенемін", - деді Жанар Толыбаева.

Осыған дейін Жанар Толыбаева өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, сот отырысында көзіне жас алды.

Айта кетейік, осыған дейін Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов Оксана Тен мен көпшіліктен кешірім сұраған болатын.

Бүгінгі сот отырысында марқұмның анасы Оксана Тен тергеу амалдарына қанағаттанбай, сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап етті.

Оксана Теннің адвокаты Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырғанын айтып, күдікті келіншекке жазаны ауырлатуды сұраған.

Сондай-ақ, бүгінгі жарыссөзде прокурор Қуандық Досов спортшының өліміне күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартып, күдіктілерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773553-zanar-tolybaeva-dil-sesim-kabyldauyyzdy-srajmyn/

pixel