Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Атырау облысының бұрынғы әкіміне қатысты сот ісі сотталушының қатысуынсыз өтті. Қазір қашып жүрген Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқали сот тыңдалымына келмеді деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz.

Фото: аtpress.kz
Фото: аtpress.kz: Facebook

Атырау облысының бұрынғы әкімі қомақты қаржы жымқырған және ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған деп айыпталып отыр.

Мемлекеттік айыптаушы облыстың бұрынғы басшысын 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Одан бөлек, Рысқалиевтің ағасы мен күйеу баласы 16 жылға абақтыға қамалуы мүмкін.

Экс-әкімнің сыбайластары да ауыр жазаға тартылмақ. Нақтырақ айтқанда, олар 8 жылдан 10 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.

Басты күдіктінің жоқ болуына байланысты сот сырттай өтті.

Айта кетейік, облыстың бұрынғы әкімі сотқа шақырылғанымен, сотта бой көрсетпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773568-bergej-ryskaliev-17-zylga-sottaluy-mmkin/

pixel