Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белсенділер Қырғызстанда орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауды ұсынды

Опубликовано:

Қырғызстанда Конституциядан орыс тілінің ресми мәртебесі туралы ережені алып тастауға қатысты референдум өткізуді ұсынды. Бастамашыл топ референдумды биыл 24 қарашада өткізуді сұрап отыр деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: Санжар Ералиев
Фото: Санжар Ералиев: Depositphotos

Бішкекте 15 қаңтарда өткен кездесуде қоғамдық құрылтай өкілі Әзімбек Бекназаров орыс тілінің ресми мәртебесіне қатысты өз пікірін білдірді.

"Орыс тілі керек. Бірақ халықаралық маңызы бар тіл ретінде ғана қажет. Бұл тіл балабақшада ағылшын тілі секілді шет тілі ретінде оқытылуы тиіс. Мемлекеттік тіл - қырғыз тілі болып қалуы қажет. Іс қырғыз тілінде ғана жүргізілуі керек. Осындай шара қабылдамасақ, қырғыз тілі жойылады", - дейді ол.

Айта кетейік, Қырғызстан Конституциясында орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1773577-belsendiler-kyrgyzstanda-orys-tilini-resmi-mrtebesin-alyp-tastaudy-syndy/

pixel