Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте мәлімдеді деп хабарлайды muftyat.kz.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: Depositphotos

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен құжат "Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі" деп аталады.

Жаңа ережеге сәйкес енді мешіт жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады: ауылдық (сыйымдылығы 70-500 адам), аудандық (сыйымдылығы 500-1500 адам), облыстық, қалалық (сыйымдылығы 1000-5000 адам).  

Құжатқа сәйкес, болашақта жаңадан салынатын мешіттің құрылысы заманауи талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Мәселен Алла үйін тұрғызуға шешім қабылдаған адам ғимараттың көрікті болуына көңіл бөлуі шарт. Мешіт салуда заманауи озық үлгілерді, Исламның және жергілікті сәулет өнерін пайдалану міндетті. Мешіттің мұнарасы, күмбезі және ішкі-сыртқы безендірілуі жергілікті дәстүрге сай болуы тиіс.

Бұған қоса мешіт ауласына автотұрақ, саябақ, т.б. қажетті нысандар тұрғызылмақ. Мешіт құрылысына сапалы және ұзақ мерзімге жарайтын материалдарды пайдалану талап етіледі.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы құрылғылар да орнатылады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773586-kazakstanda-mesit-saludy-arnajy-erezesi-bekitildi/

pixel