RU

Ермек Көшербаев Атамқұловтың орынбасары болып тағайындалды

Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: Depositphotos
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды.

Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1773588-ermek-kserbaev-atamklovty-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy.html